Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа фактілері туралы ескертті
- author AR-AY
- Бүгін, 15:55
- 22
Бейнероликтерде «инвестордың» жалған оқиғасы көрсетіліп, бастапқыда салынған қаражаттың өсіп жатқаны бейнеленеді. Алайда ақшаны шешіп алу үшін түрлі комиссиялар, салықтар мен «тексерістер» үшін төлем талап етіледі. Бірнеше рет ақша аударылғанымен, қаражатқа қол жеткізу мүмкін болмай қалады.
Сонымен қатар, алаяқтар бұғатталған қаражатты қайтаруға көмектесеміз деген желеумен «халық заңгері» атты жалған чаттарға бағыттайды. Онда пайдаланушыларға жалған хат алмасулар көрсетіліп, сенімге кіру әрекеттері жасалады.
Бұдан бөлек, агенттік атынан жалған сайттар ашылып, «жәбірленушілердің ақшасын қайтару» туралы ақпарат таратуда. Сілтемеге өткен қолданушылардан сауалнама толтыру талап етіліп, кейін жеке деректерін енгізу сұралады.
Барлық осындай сайттар, сауалнамалар және формалар алаяқтық схемасы. Олар азаматтардың жеке мәліметтерін жинап, қаражатты иемденуге бағытталған. Ақпараттың шынайылылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласыңыз.
Агенттік азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырады. Күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе тұрғылықты жердегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгіну қажет.




