Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Мәтібұлақ» полигонында өткен маңызды шара

«Мәтібұлақ» полигонында өткен маңызды шара
ашық дереккөз
«Мәтібұлақ» полигонында өткен маңызды шара
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Қордай ауданы, Отар ауылы маңындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты «Мәтібұлақ» полигонында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының «Эшелон-2022» әскери оқу-жаттығуларының жабылу салтанатына қатысты. Бес күнге созылған халықаралық шара барысында «Өзара іс-қимыл», «Іздеу» және «Эшелон» бойынша оқу-жаттығу шаралары ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – өзара әскери үйлесімділікті жетілдіріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Жалпы, «Эшелон-2022» материалдық-техникалық қамтамасыз ету оқу-жаттығуында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің бөлімшелері күрделі таулы жерлерде көліктің орамын қолдану арқылы материалдық құралдарды тасымалдау бойынша тактикалық іс-қимылдарды пысықтады. Оқу-жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тау қорықшылары бөлімшесінің жүк-көлік ротасы жұмылдырылды. Жаттығудың бірінші кезеңінде әскери қызметшілер аттармен және квадроциклдермен 500 шақырымға жеті күндік жорық жасады. Жорық барысында тамақтану кезеңінде, тоқтап тұрғанда және жаяу жүргенде күзетуді ұйымдастыру мәселелері пысықталды. Екінші кезеңде оқу-жаттығу жоспары бойынша таулы жерлерде жедел әрекет етудің ұжымдық күштерін топтастыруды қамтамасыз ету үшін материалдық құралдарды тасымалдау барысында автомобиль техникасының бағанасына шабуыл жасалды. Қозғалыс жолдары бұзылды. Әскерлерге мүлік пен оқ-дәрілерді уақытылы жеткізуді ұйымдастыру үшін жүк-көлік ротасы тартылды. Қару-жарақ, оқ-дәрілер, азық-түлік және дәрі-дәрмектер жүк көлігі мен тіркемелері бар квадроциклдерге тиелді, ал материалдық заттар межелі аумаққа дер кезінде жеткізілді.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар