Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты

Цай Гуаньшэнь қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньді қабылдады, деп хабарлайды arainfo.kz

Кездесуде Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға айрықша мән берілетінін атап өтті. Президент 2013 жылы Астанада ұсынылған «Бір белдеу, бір жол» бастамасының табысты жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынын жоғары бағалап, Қытайдың Қазақстанның ең ірі сауда серіктесіне айналғанын, тауар айналымының жыл сайын рекордтық көрсеткішке жетіп отырғанын жеткізді.

Әңгімелесу барысында инвестициялық ынтымақтастыққа басымдық берілді. Президент Қазақстанның шетелдік инвестиция үшін қолайлы жағдай жасап, бірлескен стратегиялық жобаларды жан-жақты қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ жасанды интеллект саласында Қытаймен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында қаржы, энергетика, цифрландыру, медицина, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өзара ықпалдастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар