Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Нұрлан Сабуров соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Нұрлан Сабуров соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
Нұрлан Сабуров инстаграм парақшасынан
Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров әлеуметтік желіде өзіне қатысты қалыптасқан жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz

Әзілкеш Instagram парақшасында бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартатынын айтып, істің заң аясында қаралатынын жеткізді.

Сондай-ақ Сабуров шығармашылық жолына тоқталып, стендаптағы еңбек жолын шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбург қаласында бастап, кейін Мәскеуде жалғастырғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде Ресейдің көптеген қаласында өнер көрсетіп, көрерменнің жылы ықыласына бөленгенін айтты.

«Мен мынаны айтқым келеді: стендап-комик ретіндегі жолым 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталып, кейін Мәскеуде жалғасты. Осы жылдар ішінде мен Ресейдің көптеген қалаларында болдым. Барлық жерде мені достық көңілмен, жылы қабылдады. Шығармашылық тұрғыда дамуға мүмкіндік берген, әртіс ретінде қалыптасуыма жол ашқан, сондай-ақ Ресейде де, оның шегінен тыс жерде де көпұлтты аудитория жинауыма ықпал еткен елге ризашылығымды білдіремін. Рақмет», – деп жазды ол.

Бұған дейін Ресей билігі Нұрлан Сабуровтың ел аумағына 50 жылға дейін кіруіне тыйым салғаны хабарланған болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар