Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ел дамуының негізі

Ел дамуының негізі
Автор
Сәрсенбі күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұжымымен кездесті. Жиында оқытушылар мен студенттерге қазіргі қолданыстағы Ата Заң мен енді өзгеріске түсетін баптардың мәні мен мазмұны түсіндірілді.

Жиынды ашқан Ербол Шырақпайұлы жаңа Конституция жобасының еліміз үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

– Алғашқы кезеңде парламенттік реформа аясында Конституцияның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу жоспарланған болатын. Алайда, жүргізілген талдау мен талқылаулардың нәтижесінде түзетулер ауқымы әлдеқайда кеңейді. Олар саяси және қоғамдық өмірдің көптеген салаларын қамтыды. Осыған байланысты Конституциялық комиссия құрылды. Комиссия халықтан түскен ұсыныс-пікірлерді әлі де қарастырып жатыр. Комиссия жұмысы барысында Конституцияның барлық негізгі ережелері қайта қаралды. Ұсынылған түзетулер Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып, Ата Заң мәтінінің 84 пайызын құрап отыр. Осылайша комиссия мүшелері еліміздің жаңа Конституциясын әзірлеу мәселесін күн тәртібіне шығарып, Ата Заңның жаңа редакциясындағы тұжырымдамалық өзгерістер мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, Қазақстанды қоғамға тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды айқындауға, сондай-ақ саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталды. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында ескірген терминология жаңартылып, жаңа жалпыұлттық диолог платфоромасы құрылды, – деген Ербол Шырақпайұлы жаңа Конституция жобасындағы өзгерістерге кеңінен тоқталды.

Басқосу ашық пікір алмасу форматында өтті. Көптің талқысына түсіп отырған басты құжаттың жобасына қатысты оқу орнының педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Айсұлу Тұрарова мен экономика және құқық факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ерлан Сарымбетов пікірлерін ортаға салды.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар