Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жас педагогтар жүлделі оралды

Жас педагогтар жүлделі оралды
Автор
Жақында Астана қаласындағы №9 «Зерде» лицейінде «Teacher’s Hackathon» республикалық педагогикалық байқауы өтті. Сайыс мамандандырылған білім беру ұйымдарының жас педагогтері арасында ұйымдастырылды.

Байқауға еліміздің түкпір түкпірінен келген 75 жас педагог қатысып, 15 командаға бірікті. Қатысушылар білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған тың идеяларын ұсынып, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Аталған шара жас мұғалімдердің шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, тәжірибе алмасуына және заманауи білім беру үдерісіне жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Екі күн бойы қатысушылар заманауи педагогикалық тәсілдер мен цифрлық технологияларды қолдана отырып, өз идеяларын ұсынды және кәсіби тәжірибе алмасты.

«Teacher’s Hackathon» жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жобалық қызмет пен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды республикалық алаң ретінде қалыптасып келеді.

Байқау қорытындысы бойынша облысымыздан барған физика, химия, информатика және биология пәндерінің педагогтері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, облыстық мамандандырылған ІТ лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі Алтынай Арынбекова бас жүлдені жеңіп алды. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Сымбат І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Нұрмұхаммед Пернебек ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

– Бұл хакатон мен үшін кәсіби тұрғыдан үлкен тәжірибе алаңы болды. Екі күн бойы әр өңірден келген жас педагогтермен бірге ой бөлісіп, заманауи педагогикалық идеяларды талқылап, командалық жұмыс арқылы жаңа жобалар әзірледік. Осындай алаңдар жас мұғалімдердің өзіне деген сенімін арттырып, шығармашылық ізденіске ынталандырады. Ұйымдастырушыларға және әріптестеріме пайдалы тәжірибе мен қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін, – дейді бас жүлдегер Алтынай Арынбекова.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар