Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Конституцияға қатысты жалған ақпарат таратқандарға Үкімет қатаң шара қолданбақ

Конституцияға қатысты жалған ақпарат таратқандарға Үкімет қатаң шара қолданбақ
gov.kz
Премьер-министр жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру жөніндегі кеңес өткізді, деп хабарлайды arainfo.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын халыққа кеңінен түсіндіру аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесіне арналған кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты.

Кеңес барысында Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын жұртшылыққа жан-жақты әрі жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар жалған және бұрмаланған ақпараттардың таралуына жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде арандатушылық сипаттағы, шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттардың таралу фактілері тіркеліп отырғаны айтылды. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жалған мәлімет таратқандарға қатысты қатаң құқықтық шаралар қолдану және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Жаңа Конституция жобасын түсіндіру және ақпараттық жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар