Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Агросалаға 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылды

Агросалаға 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылды
Автор
2025 жылы облыстың ауылшаруашылығы саласына 84,8 миллиард теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде 65,8 миллиард теңге тамақ өнімдері өндірісіне бағытталды. Бұл туралы облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев әкімдік мәжілісінде хабарлады.

Жалпы құны 28 миллиард теңгені құрайтын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 108 жаңа жұмыс орны құрылды.

Атап айтқанда, қуаттылығы 30,3 мың тоннаны құрайтын 6 көкөніс сақтау қоймасы, 2 мың басқа арналған екі бордақылау алаңы, 1 мың басқа арналған тауарлы сүт фермасы, қуаттылығы 70 мың бас құс сою цехы, сондай-ақ жылына 11,6 мың тонна өнім өңдейтін 4 қайта өңдеу кәсіпорны пайдалануға берілді.

Өткен жылы өңірдің ауылшаруашылығы саласын дамытуға 46,9 миллиард теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік қолдау аясында 7 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауар өндірушісіне 32,6 миллиард теңгеден астам субсидия төленді. Сонымен қатар қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 1 мыңға жуық агроқұрылымға 17,4 миллиард теңге несие берілді.

Көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде 514,7 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Оның ішінде егіншаруашылығы өнімдерінің көлемі 2,2 пайызға, мал шаруашылығы өнімдері 1,9 пайызға артты. Тірі салмақтағы ет өндірісі 133,3 мың тоннаны құрап, 2,6 пайызға, ал сүт өндірісі 230 мың тоннаға жетіп, 1,6 пайызға ұлғайды.

Облыстағы жалпы мал басы 3,7 миллионды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 168 мыңға немесе 2,7 пайызға өсті. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара саны 441,6 мыңды құрап, 12,2 мыңға немесе 8 пайызға, қой саны 3,1 миллионға жетіп, 132,6 мыңға немесе 4,4 пайызға, жылқы саны 197,2 мыңды құрап, 23,3 мыңға немесе 13,3 пайызға артты. Сондай-ақ құс саны 2,3 миллионды құрап, 18,6 пайызға өсті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар