Жаңалықтар
Таразда асыранды балаларға күш қолданған Зүлфия Төленова қамауға алынды
- author AR-AY
- 29 қаңтар, 2026
- 108
Жамбыл облысының Полиция департаменті асыранды балаларға қатысты зорлық-зомбылық дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі (Қинау) және 140-бабы 3-бөлігі (Екі немесе одан да көп кәмелетке толмағанға қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша соталды тергеу амалдары басталды.
Ресми мәліметке сәйкес, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Апалы-сіңлі Назгүл мен Құндыз күдіктінің үйінен №5 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына көшірілді. Қамқорлығындағы өзге балалар да медициналық тексеруден өткізіліп, мамандандырылған мекемеге орналастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін желіде 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлінің бірінің қол-аяғы мен аузы скотчталған фотосы тараған еді. Кейін Құндыз өзін қамқоршысы байлап тастағанын мәлімдеді. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Есімі ерекше тараздық Конституция Нартбаева өз таңдауын жасады
- авторAR-AY
- 15 наурыз, 2026




