Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
СІМ баспасөз қызметі
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген жазбада.

Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ-ның әкімшілік департаментінде маман ретінде бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерде түрлі қызмет атқарған.

Атап айтқанда, 2010–2012 жылдары Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінде үшінші хатшы болса, 2014–2018 жылдары Вьетнамдағы ҚР елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметтерін атқарды.

2018 жылдан бастап министрліктің баспасөз қызметін басқарған. 2019–2023 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – баспасөз хатшысы, ал 2023–2025 жылдары Коммуникациялар департаментінің директоры – ресми өкілі болды.

2025 жылдың наурыз айынан желтоқсан айына дейін ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі қызметін атқарды.

Айбек Смадияровтың дипломатиялық дәрежесі – II сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарған Руслан Желдібай лауазымынан босатылған болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар