Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ғасыр жүгін арқалаған рухани мұра

Ғасыр жүгін арқалаған рухани мұра
Автор
Ақын, жазушы, драматург, ұстаз Әдібай Табылдиевтің 100 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» әдеби-танымдық кеші өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Биыл қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург, ғалым-ұстаз Әдібай Табылдиевтің туғанына 100 жыл толып отыр. Осы атаулы датаға орай өткен «Жырлайды жүрек» әдеби-танымдық кеші – ұлт руханиятына, ұстаздық өнегеге және сөз өнеріне тағзым еткен мазмұнды рухани басқосу болды.

Әдеби-танымдық кешке зиялы қауым өкілдері, әдебиетсүйер қауым мен жастар қатысып, Әдібай Табылдиевтің адамдық болмысы, ұстаздық тұлғасы туралы естеліктерімен бөлісті. Сөз алғандар ғалымның қарапайымдылығы мен талапшылдығын, ұлт болашағына деген жанашырлығын ерекше атап өтті.

Кештің негізгі идеясы – жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулу, ұлттық әдебиет пен білімге деген құрметті арттыру болды. Осы тұрғыдан алғанда, «Жырлайды жүрек» кеші – өткенді ұлықтап қана қоймай, болашаққа бағдар берген тағылымды шара ретінде есте қалды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар