Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанға тағы да әлемдік жұлдыздар концерт беруге келеді

Қазақстанға тағы да әлемдік жұлдыздар концерт беруге келеді
pixabay.com
Биыл Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ауқымды концерттік іс-шаралар ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2026 жылға арналған мәдени, этномәдени, спорттық, экологиялық және гастрономиялық бағыттағы іс-шараларды қамтитын бірыңғай іс-шаралар күнтізбесі қалыптастырылған. Барлық өңірлерді қамтитын 55 негізгі іс-шара таңдап алынған.

Сонымен қатар, 2026 жылы әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттік шаралар өткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Timbaland, Nicole Scherzinger, Busta Rhymes және өзге де танымал әртістердің қатысуымен кемінде бес ірі концерт ұйымдастыру көзделген. Алғашқы концерттер мамыр айының ортасына жоспарланған.

Талғат Ғазизовтің мәлімдеуінше, фестиваль туризмін жүйелі түрде дамыту және ілгерілету мақсатында арнайы штаб құрылған. Бұдан бөлек, Қазақстанның туристік әлеуетін шетелде насихаттау үшін Азия мен Таяу Шығыстағы мақсатты қалаларда, сондай-ақ Мумбай, Дубай, Шанхай, Сеул, Токио және Сингапурда 10 роуд-шоу өткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Алматыдағы концерт 2026 жылғы 16 мамырда өтеді. Билет бағасы 24 мың теңгеден басталады. Ал Астанада әлемдік жұлдыздар 17 мамырда сахнаға шығады, мұнда билеттердің ең төменгі құны – 25 520 теңге. Билеттер zakazbiletov.kz ресми сайты арқылы сатылады.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар