Қазақстанда деректерді қорғауды күшейтетін жаңа стандарттар енгізілді
- author AR-AY
- Бүгін, 11:43
- 16
Құжаттарды 2025 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты Техникалық реттеу және метрология комитеті қабылдады.
Жаңа стандарттар ең алдымен деректердің құпия сақталуын, бұрмаланбауын және рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғалуын қамтамасыз етуге арналған. Оның екеуі ақпаратты шифрлау құралдарын қалай қолдану керектігін айқындаса, қалған екеуі мемлекеттік және құпия ақпаратпен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін тексерудің ортақ тәртібін белгілейді.
Атап айтқанда, қабылданған құжаттар ақпаратты шифрлаудан бастап, жүйелердің бүкіл жұмыс кезеңіндегі сенімділігін бағалауға дейінгі талаптарды қамтиды. Бұл деректердің сыртқа кету қаупін азайтып, цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, ұлттық стандарттарды енгізу шетелдік технологияларға тәуелділікті төмендетіп, Қазақстанның өз криптографиялық шешімдерін дамытуына жол ашады. Нәтижесінде елдің цифрлық қауіпсіздігі күшейіп, маңызды ақпаратты қорғау деңгейі артады.



