Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Енді діни сұрақтарға ЖИ да жауап береді

Енді діни сұрақтарға ЖИ да жауап береді
Автор
Енді діни сұрақтарға имамдардан бөлек, жасанды интеллект те жауап береді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қоспақ. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

– Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл ең алдымен халықтың діни сұрақтарға жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады. Осы орайда, жасанды интеллектінің көмегімен діни сұрақтарға жауап беретін арнайы мобильді қосымшаны әзірлеу қажет. Мұндай қосымша халықтың күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарына лезде жауап алуға, ең бастысы сенімді, тексерілген дереккөздерге негізделген дұрыс мәліметке қол жеткізуге мүмкіндік береді» – деді Бас мүфти.

Еске сала кетейік, мұндай бастамалар өзге елдерде де кеңінен қолданылуда. Мәселен, Швейцарияның Люцерн қаласындағы шіркеуде сырын ашу кабинасына компьютер қойылып, келушілердің сұрақтарына «жасанды интеллект Иса» жауап береді. Теологиялық мәтіндер арқылы оқытылған бұл үлкен тілдік модель 100 тілде сөйлесе алады екен. Дегенмен, мамандар жеке мәліметтерді бөлісуден аулақ болуға кеңес береді. Себебі қауіпсіздің бәрінен маңызды.

«Deus in Machina» деп аталатын жоба «жасанды интеллект Исамен» байланыс орнатуды зерттеу үшін жасалған. Жобаны жүзеге асырушыларды адамдардың реакциясы мен қандай тақырыптарды қозғайтыны қызықтырған.

Ал Германиядағы Әулие Павел шіркеуінде ЖИ бар чат-бот 2023 жылдан бері уағыз айтып келеді.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар