Жаңалықтар
Арзан баға – тұзақ: полиция интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады
- author AR-AY
- 21 қаңтар, 2026
- 152
Соңғы уақытта интернетте алаяқтықтың жаңа тәсілі кеңінен таралуда.
Қаскөйлер сатып алушыларды шектен тыс арзан бағамен қызықтырып, «уақыт тығыз» деген сылтаумен тауар үшін алдын ала төлем жасауға мәжбүрлейді. Алайда ақша аударылғаннан кейін сатушы байланысқа шықпай, тапсырыс берілген тауар жеткізілмейді.
Осыған байланысты полиция азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Құқық қорғау органдары сатып алу барысында тек қауіпсіз төлем тәсілдерін қолдануға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және белгісіз адамдарға ақша аудармауға кеңес береді.
Сондай-ақ банк картасының деректерін, жеке мәліметтерді және SMS арқылы келетін бір реттік құпия кодтарды ешкімге хабарламау керектігі ескертіледі.
Егер интернет-алаяқтық дерегіне тап болсаңыз, полицияға дереу «102» нөмірі арқылы хабарласу қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




