Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өрттен зардап шеккен көпқабатты тұрғын үй қайта қалпына келтірілуде

Өрттен зардап шеккен көпқабатты тұрғын үй қайта қалпына келтірілуде
Тараз қаласының әкімдігі
Қарасу шағын ауданында орналасқан 15-қабатты көппәтерлі тұрғын үйде қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр,деп хабарлайды arainfo.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 31 желтоқсан күні аталған тұрғын үйде төтенше жағдай орын алып, соның салдарынан 100-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланған болатын. Оқиғадан кейін қала әкімі Бақытжан Орынбековтің тапсырмасымен жедел комиссия құрылып, зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету шаралары қолға алынды.

Қазіргі уақытта берілген тапсырмаларға сәйкес, тұрғын үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде ғимарат шатырының 80 пайызға жуығы жабылып, өрт және өзге де себептермен зақымданған пәтерлердің қабырғаларын тегістеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Қалпына келтіру жұмыстары белгіленген жоспарға сай жалғасып жатыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар