Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Гүлзира Бөкейхан қазақтың дәстүрлі ән өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан дара талант иесі болды. Ол халықтық және кәсіби композиторлардың таңдаулы шығармаларын жоғары шеберлікпен орындап, ұлттық мәдениетіміздің бай мұрасын кеңінен насихаттады. Сонымен қатар көне халық әндерін жаңғыртып, сирек кездесетін музыкалық мұраларды заманауи өңдеуден өткізіп, сахнаға қайта шығарды.
Өнер иесі әр жылдары Астана мемлекеттік филармониясында және Президенттік мәдениет орталығында қызмет атқарып, өмірін қазақ өнерінің абыройын асқақтатуға арнады.


