Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Полиция Тараздағы «қауіпті» көңіл көтеру орындарының тізімін жариялады

Полиция Тараздағы «қауіпті» көңіл көтеру орындарының тізімін жариялады
istockphoto.com
Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараздағы қоғамдық тәртіптің бұзылуы туралы хабарламалар жиі түсетін кафе-барлар мен мейрамханалардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz

Аталған мекемелерде төбелес, жанжал, түнгі уақыттағы шу-ға қатысты шағымдар және құқық қорғау органдарының тұрақты араласуын талап ететін өзге де құқық бұзушылықтар жиі орын алады.

Құқық бұзушылықтар ең көп тіркелген ойын-сауық орындарының қатарында: «Асти», «Белуга», «Дискомания», «Санремо», «Фабрика», «Шелби», «Марко Поло», «Энигма», «Мармарис», «Монако» бар.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында бұл нысандарға күнделікті бақылау жүргізілуде. Әр мекемеге патрульдік полиция экипаждары мен учаскелік инспекторлар бекітілген. Әсіресе түнгі уақытта және демалыс күндері рейдтік іс-шаралар күшейтіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша белгіленген тәртіпке сай шаралар қабылданады.

Полиция өкілдері қаладағы қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарына ғана емес, сонымен қатар ойын-сауық орындарының иелері мен қызметкерлерінің, сондай-ақ келушілердің жауапкершілігіне де тікелей байланысты екенін ескертеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар