21 жастағы қыз өлімі: Қылмыстық істі тергеу ІІМ бақылауында
- author AR-AY
- 16 қаңтар, 2026
- 146
Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.
Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.
Қылмыстық іс аясында жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша күдіктінің барлық әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тергеу-жедел іс-шаралар кешені жалғасуда, оның барысында барлық түскен мәліметтер, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талдануда.
ІІМ мәлімдеуінше, кез келген қатыгездік әрекеттеріне заң аясында қатаң тосқауыл қойылып, кінәлі тұлғаның тиісті жазасын алуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың мәйіті табылған. Кейіннен оның пышақ жарақатынан көз жұмғаны анықталып, күдіктіні іздестіру жұмыстары басталған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




