Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
gov.kz
Орталық Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған, деп хабарлайды arainfo.kz

Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызы бар нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы салтанатты түрде ашылды.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Жаңа орталық COVID-19 пандемиясы кезінде жинақталған тәжірибені ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесінің дайындық деңгейін арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және білікті кадрлар даярлау мақсатында салынған. 350 төсек-орынға есептелген орталық жыл сайын еліміздің әр өңірінен 2,5 мыңға жуық туберкулезбен ауыратын науқасқа медициналық және диагностикалық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген Аида Балаева орталықтың ұлттық қауіпсіздік пен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл мекеме ғылыми зерттеу, заманауи технология және маман даярлау бағыттарын бір жүйеге біріктірген бірегей орталық болмақ.

Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары соңғы екі жылда елімізде 695 медициналық нысан, 419 жаңа мектеп, 237 спорт нысаны салынғанын, 2025 жылы 61 мәдениет нысанының құрылысы аяқталғанын айтты. Бұл жобалардың барлығы халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

Іс-шара аясында қонақтарға орталықтың бөлімшелері таныстырылып, инфрақұрылымы мен заманауи жабдықтары көрсетілді. Мекеме ұжымымен де кездесу өтті.

Айта кетейік, Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы қысқа мерзімде бой көтерген. Мұнда клиникалық көмек көрсету, ғылыми-зерттеу жұмыстары, білім беру және цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. Орталық балалар мен жүкті әйелдерге де медициналық қызмет көрсетеді. Төтенше жағдай кезінде мекеменің қуаты 500 төсек-орынға дейін кеңейтілуі мүмкін.

Орталық инфекциялық және паразиттік ауруларға, соның ішінде дәріге төзімді туберкулез түрлеріне қатысты кешенді зертханалық зерттеулер жүргізе алатын толыққанды ғылыми-медициналық база ретінде жұмыс істейді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар