Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Милан–Кортина Олимпиадасына дайындық: қысқы спорт қалай дамып жатыр?

Милан–Кортина Олимпиадасына дайындық: қысқы спорт қалай дамып жатыр?
gov.kz
Қазақстан қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық кезеңді аяқтап келеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Осы кезеңде ұлттық құрамаларды кешенді даярлау қамтамасыз етіліп, спортшылар барлық негізгі лицензиялық жарыстарға қатысты. Олимпиадалық цикл биыл 6–22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындарымен қорытындыланбақ.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі белсенді дамып келеді. Олардың қатарында конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарыстары, тау шаңғысы, фристайл, сноуборд, шаңғы қоссайысы, шайбалы хоккей, ски-альпинизм және трамплиннен секіру бар.

Олимпиада ойындарына сапалы дайындық мақсатында ұлттық командалар шетелдік оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, халықаралық жарыстарға жүйелі түрде қатысты. Жалпы алғанда, қысқы спорт түрлері бойынша 612 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, спортшылар 434 халықаралық жарыста бақ сынады.

Дайындық сапасын арттыру және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Нидерланд, Польша, Германия, Румыния, Ресей, Беларусь, Болгария және Словения елдерінен әлемдік деңгейдегі 13 шетелдік жаттықтырушы-кеңесші тартылды.

Төрт жылдық олимпиадалық циклді қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ демеушілер мен бюджеттен тыс қаражат есебінен 13,3 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі спорттық құрал-жабдықтар мен экипировка сатып алуға, жаттықтырушылар мен спортшы-нұсқаушылардың еңбекақысын төлеуге, медициналық-фармакологиялық қамтамасыз етуге, халықаралық жарыстар мен лицензиялық турнирлерге қатысуға, ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуге және оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бағытталды.

Қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрамаларды даярлау Мемлекет басшысының спорт саласын жаңғырту және жоғары жетістіктер спортындағы нәтижені арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүргізілуде. Туризм және спорт министрлігі қысқы спорт дисциплиналарын дамытуға және елдің спорт резервін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар