2025 жылғы жедел-қызмет қорытындылары бойынша өткен кеңесте Жамбыл облысындағы құқықтық тәртіптің жай-күйіне кешенді талдау жасалды. Полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев бірқатар негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты оң динамика қалыптасқанын атап өтті.
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 18,9%-ға, ал көшелерде тіркелген қылмыстар 13,4%-ға азайған. Аса ауыр қылмыстардың 48,3%-ға төмендеуі ең қауіпті қылмыстық көріністердің тұрақтанғанын көрсетеді. Адам өлтіру қылмыстарының ашылуы 100%-ды құрады. Ұрлық қылмыстары 30,7%-ға қысқарған, 18 қылмыстық топ құрықталып, 74 мал ұрысы ұсталды.
Заңсыз айналымнан 9 тонна 242 келі есірткі заттары тәркіленіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,25 тоннаға артық. Синтетикалық есірткілерді тәркілеу көлемі 2,5 есеге өскен.
Интернет-алаяқтықпен күрес әлі де өзекті мәселе болып отыр. Бұл бағытта ірі алаяқтық схемалардың жолы кесіліп, 1 982 банктік шот бұғатталды, 65 млн теңгеден астам қаражаттың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.
Кәмелетке толмағандарды қорғау басым бағыттардың бірі болып қалуда. Жасөспірімдерге қатысты қылмыстар 15,8%-ға төмендеді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де ерекше назарда. Мал иелерінің бақылаусыздығынан жануарлардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары 30%-ға артқан.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық пен мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу, есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыс күшейтілді.
— Нақты аналитикалық деректердің болуы басқарушылық шешімдерді нысаналы қабылдауға берік негіз қалыптастырып, басымдықтарды уақтылы түзетуге және бөлімдер жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті ПД бастығы.
Кеңес қорытындысында Ішкі істер министрінің орынбасары профилактикалық жұмысты одан әрі күшейту қажеттігін айтып, полиция қызметкерлерін анықталған кемшіліктерді жоюға бағыттады.
Жамбылда ҚАЖ мекемесінде өткен жыл қорытындыланды
Ұқсас жаңалықтар
Тараз қаласында «Заң мен тәртіп — қоғам тірегі» тақырыбында конференция өтті
- авторAR-AY
- 28 қаңтар, 2026




