Жаңалықтар
"Өмір бойы өкінемін": Түркістанда әкесін соққыға жыққан ер адам сотта сөз сөйледі
- author AR-AY
- 15 қаңтар, 2026
- 137
Түркістан облысында өз әкесін соққыға жықты деген айып тағылған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталу сатысына жетті, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыны 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды және қосымша жаза тағайындауды сұрады.
Сот отырысы барысында Алмас Садақбаев тағылған айыпты мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол көз жасына ерік беріп, отбасындағы жалғыз асыраушы екенін айтып, жазаны жеңілдетуді өтінді. Айыпталушының айтуынша, оның кәмелетке толмаған балалары бар, ал жұбайы жұмыс істемейді екен.
«Істеген ісіме шынайы өкінемін. Не болғанын өзім де аңғармай қалдым, пендешілікке бардым. Бұл қателігіме өмір бойы өкінемін», – деді ол сотта сөйлеген сөзінде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




