Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады
- author AR-AY
- Бүгін, 12:33
- 9
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан мен FIS арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Тоқаев елімізде 85 мыңнан астам адам шаңғы спортымен тұрақты айналысатынын, сондай-ақ заманауи тау шаңғысы кешендері мен халықаралық деңгейдегі мұз ареналары бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр.

FIS президенті қазақстандық спортшылардың әлемдік жарыстардағы табысына назар аударып, спортқа көрсетілген қолдау үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді. Ол сондай-ақ еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалады.
Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, спортшылар мен бапкерлерді даярлау, сондай-ақ төрелік ету саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.


