Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда «Дәнекерлеу ісі» мамандығы алғаш рет халықаралық стандарттар бойынша аккредитациядан өтті

Қазақстанда «Дәнекерлеу ісі» мамандығы алғаш рет халықаралық стандарттар бойынша аккредитациядан өтті
Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстанда алғаш рет техникалық және кәсіптік білім беру саласында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы халықаралық стандарттар бойынша салалық аккредитациядан өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Аккредитация Қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы KazWeld тарапынан Халықаралық дәнекерлеу институтының International Institute of Welding (IIW) талаптарына сәйкес жүргізілді. Нәтижесінде Шахтинск технологиялық колледжінің аталған мамандық бойынша білім беру бағдарламасы халықаралық деңгейге сай деп танылды.

Сараптама барысында білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық база, оқытушылардың кәсіби деңгейі және студенттердің практикалық даярлығы кешенді түрде бағаланды. Қорытындысында колледждің халықаралық салалық стандарттарға толық сәйкес келетіні анықталды.

Аккредитация нәтижесі педагогтер мен білім алушылардың кәсіби дайындығының жоғары екенін көрсетті. Бірқатар оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері халықаралық мәртебеге ие болды. Сонымен қатар 2–3 курс студенттері арасынан 10 білім алушы халықаралық практикалық аттестациядан сәтті өтті.

Бұл аккредитация студенттерге халықаралық талаптарға сай практикалық даярлықтан өтуге мүмкіндік беріп, түлектердің отандық және шетелдік өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар