Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда әскерилердің азық-түлік үлесінің құны артты

Қазақстанда әскерилердің азық-түлік үлесінің құны артты
Қорғаныс министрлігі
1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі жалпыәскери азық-түлік үлесінің құны 900 теңгеге өсіп, 3 150 теңгені құрады, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл шешім Мәжіліс депутаттары, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Қаржы министрлігі және күштік құрылымдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде қабылданды. Ведомствоаралық жұмыс тобы әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру үшін қосымша бюджет қаражатының қажеттілігін есептеген.

2025 жылғы тамыз айында республикалық бюджет комиссиясы азық-түлік себетінің құрамы мен нарықтағы ағымдағы баға жағдайын ескере отырып, қосымша қаржы бөлу туралы шешімді мақұлдады.

Жалпыәскери азық-түлік үлесі 48 түрлі өнімнен тұрады, оның жалпы калориялығы – 4 321 ккал. Рационға ет пен балық өнімдері, жармалар, макарон, сүт тағамдары, нан және басқа да азық-түлік түрлері кіреді. Сонымен қатар әрбір әскери қызметші күн сайын 200 грамм жеміспен қамтамасыз етіледі.

Жекелеген санаттағы әскери қызметшілер үшін арнайы рациондар қарастырылған. Мәселен, ұшқыштарға арналған үлес 52 өнімнен тұрып, калориялығы 4 834 ккал-ды құрайды. Теңіз үлесінің құрамында 50 түрлі өнім бар, оның калориялығы – 4 553 ккал.

Қазіргі уақытта Қарулы Күштерде азық-түлікпен қамтамасыз етудің 16 негізгі нормасы қолданылады. Олардың қатарында жалпыәскери, десанттық-шабуылдаушы, теңіз, ұшу, биік таулы, емдік және жеке рациондар бар. Бұған қоса, қызмет жағдайына байланысты сегіз қосымша үлес түрі қарастырылған.

Азық-түлік үлесі құнының өсуі әскери қызметшілердің тамақтану сапасын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға және әскердің жауынгерлік даярлығын жоғары деңгейде ұстауға бағытталған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар