Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шуда мас жүргізуші қашпақ болып, полиция көлігіне соғылды

Шуда мас жүргізуші қашпақ болып, полиция көлігіне соғылды
Автор
Шу ауданында мас күйінде көлік тізгіндеп, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған жүргізуші сот үкімімен әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Сотта анықталғандай, 2025 жылғы желтоқсан айында «Honda Odyssey» автокөлігін басқарған азамат Н. Шу ауданының Төле би ауылында алкогольдік масаң күйде болған. Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатуға талап қойғанымен, жүргізуші қашуға әрекет жасап, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан ол полицияның қызметтік көлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасына себеп болды. Оқиға салдарынан полиция департаментіне материалдық шығын келтірілген.

Медициналық куәландыру жүргізушінің орта дәрежелі масаң күйде болғанын растады. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жазаны жеңілдетуді сұраған.

Алайда сот ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі және 613-бабының 1-бөлігі талаптарын басшылыққа алып, құқық бұзушыны кінәлі деп тапты. Нәтижесінде жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 23 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар