Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

“Заң және тәртіп” қағидаты аясында мектепаралық квест ойыны өтті

“Заң және тәртіп” қағидаты аясында мектепаралық квест ойыны өтті
Автор
Бүгін Жиенбет негізгі мектебінде “Сенің құқығың – сенің қорғаның” тақырыбында 5 мектептің қатысуымен мектепаралық квест ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу және өмірлік жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Квест барысында қатысушылар командалық форматта түрлі құқықтық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

1-орын – Жиенбет негізгі мектебі

2-орын – Ә. Молдағұлова атындағы мектеп

3-орын – Мойынқұм орта мектебі

Сайыстың соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар