Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарларды заңсыз әкелу жолын бұғаттады, деп хабарлайды arainfo.kz
Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.
Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған тұлғалар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз жеткізу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Процестік құжаттарда олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны расталған.
Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын шамамен 1,9 млрд теңгені құрайды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Келесі мақала
Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
1000-нан астам сарбаздың 300 млн теңге несиесі кейінге шегерілді
- авторAR-AY
- 25 ақпан, 2026




