Жаңалықтар
Ауа райы нашарлайды: ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жариялады
- author AR-AY
- Бүгін, 10:07
- 24
Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде республикалық маңызы бар автожолдарда қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды arainfo.kz
Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Абай және Павлодар облыстарының кей аумақтарында қар жауып, боран соғады.
Осыған байланысты жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде жылдамдық режимін қатаң сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстану және ауа райының қолайсыз жағдайларын ескеру ұсынылады.
Республикалық автожолдардағы жағдай туралы қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
Келесі мақала



