Полиция қызметкерлері арнайы есепте тұрған азаматтармен күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Осындай кезекті аралау барысында Жамбыл ауданында қайғылы жағдайдың алды алынып, бір адамның өмірі құтқарылды.
Учаскелік инспекторлар есепте тұрған азаматтарды тексеру кезінде тұрғын үйдің бірінен ер адамды аса ауыр жағдайда тапты. Ол жатын бөлмеде жылыту құбырына асылып, өмірмен қоштаспақ болған.
Мұндай жағдайда әр секунд маңызды. Полиция қызметкерлері тез арада ішке еніп, кәсіби үйлесімді әрекеттерімен ер адамды босатып алды. Сондай-ақ, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Зардап шегуші жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі таңда оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Ер адамның туыстары өмірін құтқарып қалған полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Келесі мақала
Бақылау құрылғысы барымташылардың жолын кесті
Ұқсас жаңалықтар
Заң
WhatsApp-та кибералаяқтықтың жаңа түрі пайда болды: полиция сақ болуға шақырады
- авторAR-AY
- 8 қаңтар, 2026



