Жаңалықтар
Тараздағы өрттен зардап шеккен 55 пәтерді қалпына келтіру жұмыстары басталды
- author AR-AY
- 6 қаңтар, 2026
- 21
Жаңа жыл түні Тараз қаласының «Қарасу» (5) шағын ауданында орналасқан №15 көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды arainfo.kz
Бесінші қабаттағы қойма бөлмесінен тұтанған өрт қысқа уақыт ішінде ғимараттың шатырына тараған.
Салдарынан шатырдың шамамен 900 шаршы метрі зақымданды. Оқиға орнына жедел қызметтер жедел жетіп, өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жағдай толық бақылауға алынған.
Зерделеу нәтижесінде тұрғын үйдегі 90 пәтердің барлығы тексеріліп, 55 пәтердің зардап шеккені анықталды. Оның ішінде 36 пәтерде су өту фактілері тіркелген.
Қазіргі уақытта жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жұмысқа 60 маман мен арнайы техника тартылып, шатырды демонтаждау кезеңі аяқталған. Қазір монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың жағдайы тұрақты бақылауда.


