Құрамынан қауіпті қоспалар табылған: Қазақстанда танымал қара шай маркаларына тыйым салынды
- author AR-AY
- 6 қаңтар, 2026
- 25
ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, зертханалық тексеру нәтижесінде аталған өнімдердің құрамынан тартразин (E102), понсо 4R (E124) және Sunset Yellow бояғыштары табылған. Аталған қоспалар Қазақстан аумағында тағам өнімдерінде қолдануға рұқсат етілмеген.
Сонымен қатар, кейбір шай қаптамаларында өнімнің өндірілген және қапталған орнына қатысты жалған ақпарат көрсетілгені анықталған. Бұл тұтынушыларды жаңылыстырып, өнімнің шығу тегін бақылауға мүмкіндік бермейді.
Тыйым салынған шай маркаларының тізімі төмендегідей:
«Апамның шайы Premium Gold», Al-Hayat Gold, «БАЛҚИЯ Premium Gold» — өндіруші: Orda Trade Astana ЖШС (Алматы облысы);
Sultan Suleyman, Pakistan Tea — өндіруші: Real Trade Astana ЖШС (Астана);
«БАЛҚИЯ Premium Gold» — өндіруші: «Аль-Хадия» ЖК (Алматы);
Aje Onim — өндіруші: «Орда Чай» ЖК (Алматы);
Al-Hayat Gold — өндіруші: Empire KENIY E.P.Z. Limited (Алматы облысы);
Al-Jannat Premium — өндіруші: Ferdaus ЖК (Алматы);
Alfarah — өндіруші қаптамада көрсетілмеген.
Құзырлы органдар аталған өнімдерді сауда орындарынан алып тастау және оларды өткізуге жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдап жатқанын хабарлады. Тұтынушыларға өнім қаптамасындағы ақпаратқа мұқият болып, күмәнді тауарларды сатып алмау ұсынылады.




