Мемлекет басшысы денсаулығы мен спортқа көзқарасы туралы айтты
- author AR-AY
- 5 қаңтар, 2026
- 37
Президенттің айтуынша, қазіргі таңда денсаулығы жақсы, қан қысымы қалыпты. Ол күн сайын йогамен айналысуды әдетке айналдырғанын, алайда медитация жасамайтынын атап өтті. Сонымен қатар бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнайды. Мемлекет басшысы соңғы уақытта 9 келі салмақ тастап, өзін әлдеқайда сергек әрі жайлы сезіне бастағанын айтты.
Сондай-ақ Президент ТМД елдері басшыларының спортқа жақындығын да сөз етті.
– Таяуда Бішкекте өткен бейресми іс-шара кезінде Путин жас дзюдошыға қарсы әдемі әдіс жасап, аға буынның абыройын көтеріп тастады. Әлиев те мықты, кәнігі спортшы сияқты үнемі жаттығады, Жапаров футбол ойнайды. Мирзиёев те ширақ, ол жаттығу залында шынығады. Пашинян велосипед тебеді. Лукашенко әлі күнге дейін хоккей ойнайды екен. Кезінде теңіз-әскери күштерінде болып, әбден шыныққан Рахмонның да денсаулығы жақсы. Бір сөзбен айтсам, әріптестерімнің бәрі де бабында, - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы әріптестерінің барлығы белсенді өмір салтын ұстанатынын айтып, олардың физикалық дайындығы жоғары екенін жеткізді.




