Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кімді іздеп жүрсіз?

Кімді іздеп жүрсіз?
Ұлым мен қызымды далаға серуендетуге алып шыққан бетім еді, есік алдында отырған бір топ көрші келіншек тоқтатып алды.

– Әй, естідің бе?– деді салған жерден.

– Жоқ, – деп қоямын не екенін білмесем де.

Сонымен әңгіме басталды да келіншектер бірінің ескегін бірі сұрамай есіп кетті.

Сәлден соң кетуге оқталып артыма қарасам, қызым жалғыз тұр. 3 жасар ұлымды ойлап:

– Дархан қайда? – дедім шоқ басқандай баж етіп.

Көзімнің алды тұманданып бара жатты. Қызым бірдеңе айтпақ болып еді, мән берместен «Балам! Бааалаам!» – деп бар даусыммен айғайлап тұра жүгірдім.

Ебіл-дебіліп шығып жылап келемін. Көз жасым тоқтар емес. Жол-жөнекей кездескен адамдардың бәрінен сұрап жатырмын. Көрдім-білдім деген бір адам жоқ. Бәрі алқам-салқамы шыққан маған бір, қасымда жүгіріп жүрген қызыма бір қарайды. Маған біртүрлі көбірек қарайтын сияқты... Оны елеп жүрген мен жоқ.

Салмағым ауырлағандықтан ба, жүгіруім қиындау болып кетті. Сөйтіп жүріп баламды сұрамаған адамым, іздемеген жерім қалмады.

Амалым қалмаған соң үйдің айналасын тағы бар қарап шығайын деген оймен кері қайттым.

Көрші әйелдер есік алдында әлі отыр екен.

– Дарханды көрдіңіздер ме? Қастарыңыздан өтпеді ме? – деппін олар Дарханды танитындай.

– Кім ол? – деді бәрі бір ауыздан.

– Ұлым! – дедім жұлып алғандай.

Олар бір-біріне қарап қойды.

– Басында көк кепкісі, үстінде көк футболка, шортиы бар сары бала, – дедім.

Олар маған тағы да таңдана қараған сияқтанды. Сол сәтте қызым:

– Үйге қайтайықшы, шаршадым. Дархан да ұйықтап қалды, – дегені.

Жә-ә-әйлап кеудеме қарасам, шай қайнатым уақыттан бері іздеп жүрген Дарханым иығына басын сүйеп ұйықтап қалыпты.

Үнсіз қалған әйелдер де енді есін жиғандай:

– Басында көк кепкісі, көк футболка-шортиы бар ұлың қолыңда тұр ғой, – деді аң-таң күйде.

Сасқанымнан:

– Жоға! Бұл менің ұлым емес қой – деппін...

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Аяз ата екен десем...
Алдыңғы мақала
Аяз ата екен десем...

Ұқсас жаңалықтар