Жамбыл облысында аса ірі көлемдегі есірткі таратқан әйел ұсталды
- author AR-AY
- Бүгін, 11:09
- 27
Тараз қаласында интернет-мессенджерлер арқылы алынған нұсқаулар бойынша синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан күдікті ұсталды. Ол қаладағы шағын аудандарда есірткі заттарын жасырын орындарға қалдырумен айналысқан.
Тергеу барысында күдіктінің бастапқыда көрсеткен қызметі үшін ақшалай сыйақыны банктік шотына аударып отырғаны, кейін төлемдердің қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталды. Алайда, біраз уақыттан соң ол ақшалай төлемнен өз еркімен бас тартып, сыйақыны психоактивті заттар түрінде ала бастағанын түсіндірді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жеке тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған 80 орам табылды. Сонымен қатар, күдіктінің тұрғын үйінен осыған ұқсас зат салынған қосымша орамдар тәркіленді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, тәркіленген «альфа-PVP» синтетикалық есірткі затының жалпы салмағы 24,93 грамды құрады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде
Адал еңбектің әділ бағасы
Ұқсас жаңалықтар
Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді
- авторAR-AY
- 25 желтоқсан, 2025



