Президент: «Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер. Шежірелі шаһардың жұртымыз үшін орны ерекше»
- author AR-AY
- Бүгін, 16:28
- 17
Президенттің айтуынша, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің баяндамасына сәйкес, өңірдегі жағдай тұрақты. Алайда Жамбыл облысының алдында әлі де маңызды әрі өзекті міндеттер тұр. Бұл міндеттерді толық орындау – облыс басшылығы мен мемлекеттік қызметшілердің басты жауапкершілігі екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс экономикасын күшейту қажеттігін айтып, оған барлық мүмкіндік пен жағдай бар екенін жеткізді. Мемлекет басшысы басталған жұмыстың қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.

Сонымен қатар Президент Тараз қаласының тарихи және рухани маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Тараз – ұлтымыздың асқақ рухы, бай мәдениеті мен ерлік дәстүрі тоғысқан, ежелгі өркениеттің ізі қалған қасиетті мекен.
Мемлекет басшысы Тараздың екі мың жылдық тарихын ел мақтанышы деп атап, Әулиеата жерінде мемлекеттілігіміздің тұғыры нығайғанын, Қазақ хандығы осы өңірде құрылғанын еске салды. Көне шаһардың Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы оның тарихи әрі стратегиялық маңызын арттыра түскен.
Бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Жамбыл облысы арқылы өтуі өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтіп, стратегиялық маңызын арттырып отыр. Президенттің айтуынша, облыс күн өткен сайын дамып, өркендеп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты
- авторAR-AY
- Бүгін, 15:06


