Жаңалықтар
Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты
- author AR-AY
- Бүгін, 15:06
- 14
Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында «Тараз» шағын индустриалдық аймағында орналасқан Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты, деп хабарлайды arainfo.kz
Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды.

Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.



