Педхакатонға қатысушылар PEST-талдау (саяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық факторларды зерттеу) және SWOT-талдау (күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді бағалау) жүргізіп, білім беру ұйымдарына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды кешенді түсінуге мүмкіндік алды.
Талдау нәтижелерін пайдалана отырып, қатысушылар 3 жылға арналған стратегиялық жоспар әзірледі. Ол білім беру ұйымдарын кешенді жетілдіруге немесе оларды белгілі бір кезең бойынша дамытуға бағытталды.
Педхакатонға қатысып, тәжірибелерімен бөліскен директорларға және жеңімпаз командаларға дипломдар және сертификаттар табысталды.
Бас жүлдені Тараз қаласының «IQ Тараз» командасы жеңіп алса, І дәрежелі дипломды облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты мамандандырылған мекемелердің «Cyber қалқан» командасы еншіледі. Ал ІІ дәрежелі диплом Байзақ ауданының «EduVision Baizak», Жамбыл ауданының «Өзгеріс агенттері» және Меркі ауданының «M-Leaders» командаларына табысталды. ІІІ дәрежелі диплом Жуалы ауданының «Жуалы», Мойынқұм ауданының «LeaderED» және Сарысу ауданының «Ustaz Hub» командаларына бұйырды.
«AR-AI»-ақпарат



