Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өнеркәсіптік қауіпсіздік – бүгінгі күннің талабы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік – бүгінгі күннің талабы
Автор
Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі – қауіпті өндірістік объектілерді пайдалану кезінде туындайтын қатерлерден адамдардың, қоршаған ортаның және ұйымның өзінің қорғалған күйі. Ол заңнама талаптарын, техникалық регламенттерді сақтауды, сондай-ақ мұндай объектілерді жобалау, пайдалану, жөндеу және жою кезінде қауіпсіз жағдайлар жасауды қамтиды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік авариялардың алдын алуды, олардың салдарын барынша азайтуды және қауіпті факторларды (жоғары қысым, химиялық заттар, жарылғыштық, қираулар және т.б.) бақылауды көздейді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік еңбек қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып табылмайды. Ол негізінен күрделі техникалық жүйелерді пайдалануды, өндірістерде қауіпті заттармен жұмыс істеуді бақылауға бағытталған. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір жолы – қауіпті өндірістік объектіні декларациялау және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы объектінің белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру және растау үшін жүргізіледі. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлерге, халыққа және қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жоққа шығарылмайтын қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялауға жатады. Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тұрақты өндірістік бақылау жүргізу де міндетті болып табылады. Осы мақсатта ұйым өндірістік бақылау туралы ережені әзірлейді.

2025 жылғы 24 маусымда Мемлекет басшысы «Азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл заң өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістер мен толықтыруларды көздейді.

Негізгі өзгерістер мыналар болып табылады:

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың өзіндік тәртібін қалыптастыра отырып, Кәсіпкерлік кодексінің қолданылу аясынан шығару. Бұл өндірістегі авариялар мен жарақаттану санын азайтуға, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағытталған;
  • нормативтік қызмет ету мерзімін өтеген техникалық құрылғыларды уақтылы жаңарту жөніндегі ұйымның міндеті, бұл қауіпті өндірістік объектілердегі тозған жабдықтардың санын қысқартуға мүмкіндік береді;
  • өндірістік бақылау қызметін құрудың міндеттілігі, бұл қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне бастапқы деңгейден-ақ тікелей ықпал етуге мүмкіндік береді;
  • кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін қатаңдататын түзетулер, қажетті материалдық-техникалық жарақтануы мен тиісті персоналы жоқ «біркүндік» ұйымдарды авариялық-құтқару қызметі саласынан алып тастауға бағытталған. Сондай-ақ заңнамадан «өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметі» ұғымы алынып тасталады, профилактикалық жұмысты жүргізу бөлігіндегі норма нақтыланады;
  • қауіпті өндірістік объектіде тау-кенқұтқару, газқұтқару және қарсыфонтандық жұмыстарды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына берілген аттестаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңғырту және күшін жою тәртібін енгізу;
  • жекелеген жұмыс түрлеріне қауіпті өндірістік объектілердің белгілерін беру, бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс пен «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбей оларды өндіру бойынша тау-кен жұмыстары бөлігіндегі нормалар арасындағы коллизияны жоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Жамбыл облысы ТЖД
тау-кен өнеркәсібіндегі бақылау және

қадағалау бөлімінің басшысы
Серік Игенбаев

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар