Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет

Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
Автор
Жанармай құю стансаларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау – өте маңызды мәселе. Себебі бір ғана қателік ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығымен бекітілген «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақтау мақсатында автожанармай құю стансалары (АЖҚС) келесіні қамтамасыз ету қажет екендігін хабарлайды:

АЖҚС-ға автоцистерналармен және шағын ыдыстарға құйылып жеткізілетін мұнай өнімдері тауар-көлік жүкқұжаты және резервуарда өлшенген көлемі бойынша қабылданады;

Автокөлікке жанармай құю кезіндегі барлық операциялар жүргізушінің көзінше және көліктің қозғалтқышы сөндірілген кезде жүргізіледі. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автомобильге жанармай құюға ауа температурасы төмен болып, сөндірілген қозғалтқышты іске қосу қиын болатын кезде жол беріледі;

Автоцистернаның мұнай өнімдері төгілген жерлерін жүргізушілер қозғалтқышты қосқанға дейін әбден құрғатып сүртеді. Төгілген мұнай өнімдеріне құм себіледі, ал оларды сіңірген құм автожанармай құю стансасының аумағынан арнайы бөлінген жерлерге шығарылады;

Жанармай құйылатын автокөлік пен оның артындағы автокөліктің арасындағы қашықтық кем дегенде 3 метр, ал кейінгі автомобильдер арасындағы қашықтық – кем дегенде 1 метр болады;

АЖҚС аумағында автокөлік құралдары жиналып қалған кезде АЖҚС-дан шығу жолдарының бос болуы және маневр жасау мүмкіндігінің болуы қадағаланады.

Жанғыш немесе жарылыс қаупі бар жүк тиелген автомашиналарға жанармай құю АЖҚС аумағынан кем дегенде 25 метр қашықтықта орналасқан жабдықталған алаңда АЖҚС-да металл канистрлерге құйып алынған мұнай өнімдерімен немесе осындай мақсаттар үшін бөлінген ЖАЖҚС көмегімен жүзеге асырылады;

Темекі тартуға және ашық от көзін пайдалануға жол берілмейді;

Тез тұтанатын сұйықтықпен қол жууға, киім жууға және еден сүртуге жол берілмейді;

Жүргізушісі мас күйде болған көлікке жанармай құюға жол берілмейді;

АЖҚС алаңында автомобиль жөндеу жұмысын жүргізуге жол берілмейді;

Автокөлікке жанармай құю кезінде мұнай өнімдерін төгуге және асыра құюға жол берілмейді;

Мұнай өнімдерін шыны ыдысқа құйып беруге жол берілмейді. Мұнай өнімдерін полимерлі материалдардан жасалған ыдысқа жіберуге ыдыста немесе оның паспортында оны мұнай өнімдерін сақтау үшін пайдалану мүмкіндігі туралы дайындаушы кәсіпорынның таңбасы болған кезде ғана жол беріледі.

 

Ережепбай Аружан Рахымжанқызы,

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

комитеті облыс

бойынша департаментінің 

бас маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар