Жаңалықтар
2028 жылға қарай Астанада 14 млрд теңгеге заманауи зертханалық кешен салынады
- author AR-AY
- Бүгін, 17:43
- 5
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Астанада құны 14 млрд теңге болатын Ұлттық геологиялық қызметтің зертханалық кешенін салу жоспарлануда, оған аналитикалық зертханалар мен керноқойма кіреді. Президент тапсырмаларын орындау аясында саланың инфрақұрылымын дамыту жоспарлары туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің қорытынды баспасөз мәслихатында хабарлады.
Сонымен қатар заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде: Сенатта жер қойнауы туралы кодекске цифрлық жер қойнауын пайдалануды және электрондық аукциондарды енгізуді көздейтін түзетулер қаралуда.
«Жаңа инфрақұрылым мен заңнамалық база бірыңғай ғылыми-техникалық платформаны қалыптастыруға, аналитиканың сапасын арттыруға және геология саласының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,— деп атап өтті вице-министр.



