Мемлекет басшысы энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
- author AR-AY
- Бүгін, 12:23
- 4
Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика саласы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
– Энергетика саласы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз. Себебі сіздер атқарып жатқан жұмыстың игілігін еліміздегі әр отбасы, әр адам көреді. Әрбір үйге жарық пен жылу беру – жауапкершілігі зор жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.
Мемлекет басшысы еліміздің өсіп-өркендеп келе жатқанына назар аударды.
– Біз экономиканы және инфрақұрылымды дамытуға баса мән беріп отырмыз. Заманауи өндіріс орындарын ашып жатырмыз. Еліміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басты. Қазақстан болашақта толыққанды цифрлық ел болуға тиіс. Осы мақсатқа жету үшін ауқымды жұмыс қолға алынды. Астанада Халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды. Жақында белгілі америкалық компанияның технологиясы бойынша жасалған суперкомпьютер іске қосылды. Жаһандық үрдістерге сай жаңа «дата-орталықтар» салынады, «бұлтты» инфрақұрылым қалыптасады. Әрине, мұның барлығы энергетика саласы үшін үлкен сынақ болмақ. Сондықтан осындай маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін энергетика саласын түбегейлі жаңғыртуымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.
«Отан» орденімен
Әбітаев Есберген Әбітайұлы – еңбек ардагері, Алматы қаласы;
«Парасат» орденімен
Атақұлов Ермаханбет Тиллабекұлы – «KEGOC» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласы
Сүлейменов Серік Жүсіпұлы – «Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, Қызылорда облысы;
«Құрмет» орденімен
Асрепов Миржан Ғұмарұлы – еңбек ардагері, Астана қаласы
Бузав Әбжәлі Мәуленұлы – «Жылу» МҚК шебері, Түркістан облысы
Қожин Мұрат Қабиденұлы – еңбек ардагері, Ақмола облысы
Нұрмұханбетов Ержан Әбитайұлы – «Талдықорған акционерлік электр жүйелерін тасымалдау компаниясы» АҚ аға диспетчері, Жетісу облысы
Рау Владимир Александрович – еңбек ардагері, Павлодар облысы
Хван Александр Федорович – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы;
ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Вашкель Иван Вацлавович – «КЕGОС» АҚ «Ақмола жүйералық электр желілері» филиалы Петропавл АЭЖ «Мүсірепов» 220кВ-КС электр слесары, Солтүстік Қазақстан облысы
Есжанов Амандық Оразғалиұлы – «МАЭК» ЖШС 1-ЖЭО слесары-жөндеушісі, Маңғыстау облысы
Жамалақов Қанатбек Ерділдаұлы – «Жамбыл электр желілері» ЖШС Мойынқұм АЭЖ шебері, Жамбыл облысы
Колесников Сергей Викторович – «Текелі энергокешені» ЖШС электр слесары, Жетісу облысы
Сейсекенов Қайырғали Жұмаұлы – «Батыс Қазақстан өңірлік электржелілік компаниясы» ЖШС жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысы
Ысқақ Айтжан Бахытжанұлы – «Энергосистема» ЖШС кабелшісі-көлік жүргізушісі, Ақтөбе облысы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Азанғұлов Қуаныш Орынбайұлы – «Өскемен ЖЭО» ЖШС слесары, Шығыс Қазақстан облысы
Ақбаев Жандарбек Садырұлы – «СКЗ-U» ЖШС электр монтері, Қызылорда облысы
Бекмағанбетов Фазылбек Қайлыұлы – «KEGOC» АҚ 220кВ КС электр слесары, Қостанай облысы
Бернгардт Ольга Владимировна – «Қарағанды Жарық» ЖШС Бұқар Жырау АЭЖ кіші станциясының шебері
Волков Дмитрий Геннадьевич – «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС №1 желілік ауданының электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Солтүстік Қазақстан облысы
Гибадулин Равиль Сибагатуллович – «Астана-Энергия» АҚ қазандықтарының машинисі, Астана қаласы
Елеманова Әлия Аликқызы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы
Калинина Татьяна Васильевна – «Kazakhmys Energy» ЖШС «Топар бас тарату энергостанциясы» ЖШС бу турбиналарының машинисі, Қарағанды облысы
Кенжеев Абдуәли Бұрханұлы – «Шардара СЭС» АҚ гидротехникалық жабдықтарын қараушысы, Түркістан облысы
Қапез Ерқанат Жандарбекұлы – «Еуразия энергетикалық корпорациясы» АҚ тепловоз машинисі, Павлодар облысы
Қаратаев Болатбек Жәнібекұлы – «ҚызылордаЖылуЭлектрОрталығы» МКК операторы
Мелентьев Андрей Иванович – «Шығыс Жылу» АҚ Үлбі АЭЖ электрмен және газбен дәнекерлеушісі, Шығыс Қазақстан облысы
Темникова Евгения Геннадьевна – «Талғар Жылу» МКК бас инженері, Алматы облысы.



