Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Республикалық олимпиадада ауыл оқушылары үздік атанды

Республикалық олимпиадада ауыл оқушылары үздік атанды
gov.kz
Астанада ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиада қорытындыланды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қорытынды кезеңге еліміздің барлық өңірінен іріктелген 432 оқушы қатысып, нәтижесінде 193 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды.

Марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері мен педагогтер қатысты. Олимпиада дарынды ауыл оқушыларын анықтауға және олардың зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Байқау барысында 37 алтын, 55 күміс және 101 қола медаль табысталды. Командалық есепте Түркістан облысының командасы Гран-при иегері атанса, «Үздік олимпиадалық команда» аталымында I дәрежелі диплом Маңғыстау облысына берілді. II дәрежелі диплом Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарына, III дәрежелі диплом Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарының командаларына табысталды.

Сонымен қатар жекелеген пәндер бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға арнайы білім беру гранттары мен халықаралық сертификаттар берілді. Олимпиадаға қатысқан барлық оқушылар «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданып, ал I дәрежелі диплом иегерлері 2026 жылы өтетін республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алады.

Республикалық олимпиада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар