Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
gov.kz
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әбдірәсіл Серікұлы Желеубаев облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Әбдірәсіл Серікұлы 1993 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы осы оқу орнында «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша техника және технология магистрі дәрежесін алды. 2022 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2017 жылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында бастаған. Кейін егін және су шаруашылығы бағытында бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінде бас сарапшы және басқарма басшысы болды. 2024 жылдан бері басқарма басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келген.

Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар