Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда 30 жыл тазартылмаған жер арықтары қайта жаңғыртылып жатыр

Жамбылда 30 жыл тазартылмаған жер арықтары қайта жаңғыртылып жатыр
gov.kz
2026 жылғы вегетация кезеңіне дайындық аясында «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы өңірдегі онға жуық жер арығын механикалық әдіспен тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Механикалық тазалау жұмыстары қазан айының ортасында басталған. Жауапты сала өкілдерінің айтуынша, барлық жұмыстар суару маусымы басталғанға дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

Жамбыл облысының диқандары жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімді екенін айтып, жер арықтарын қысқа мерзімде тазартқан «Қазсушар» филиалы мен Су ресурстары және ирригация министрлігіне ризашылықтарын білдірді.

Соның бірі — «Сұлутөр» каналы. Таудан бастау алатын бұл канал арқылы 120 гектардан астам жоңышқа алқабы суарылады. Арық 30 жыл бойы тазартылмай, су жеткізу мәселесі туындаған.

«Бұрын ауыл тұрғындарымен бірігіп, арықты қолмен тазалайтынбыз. Уақыт өте арық бітеліп, шөп басып кетті. Соның салдарынан су ысырап болып, егістікке жетпейтін. Ал қазір «Қазсушардың» Жамбыл филиалы бір аптаның ішінде арнайы техникамен арықты толық тазалап берді. Мен еккен 11 гектар жоңышқаға су еш кедергісіз, уақытында келіп тұр», – деді «Сұлутөр» шаруа қожалығының басшысы Нұрғалым Шағырбаев.

Айта кетейік, биыл Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалына 75 техника мен автокөлік табыстаған. Олардың қатарында экскаватор-жүк тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, самосвалдар, автокрандар, су таситын көліктер, тіркемелер, аспалы жабдықтар мен дизельді генераторлар бар.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар