Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жылдар бойы берілмеген мүгедектік: Жамбылда заңбұзушылық әшкереленді

Жылдар бойы берілмеген мүгедектік: Жамбылда заңбұзушылық әшкереленді
gov.kz
Жамбыл облысында прокурорлардың араласуынан кейін 50-ге жуық онкологиялық науқасқа мүгедектік статусы берілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Тараз қаласы прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізу барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. 2020 жылдан 2025 жылдың шілде айына дейін облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығында III–IV сатыдағы онкологиялық диагнозбен есепте тұрған 49 азамат медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілмегені белгілі болды.

Соның салдарынан науқастар мүгедектік рәсімдеу және заңда көзделген мемлекеттік әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар алу құқығынан айырылған.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде аталған азаматтар медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтіп, биылғы қазан айынан бастап I–III топтағы мүгедектік тағайындалды. Нәтижесінде олар қажетті мемлекеттік қолдау шараларын алу мүмкіндігіне ие болды.

Анықталған заңбұзушылықтар үшін дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың 5 төрағасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар