Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгілік елшісі болып тағайындалды
Dimashnews.com
Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының (ХКҰ) жаһандық ізгілік елшісі атанды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының (ХКҰ) жаһандық ізгілік елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы 8 желтоқсан күні Женевада өткен ХКҰ кеңесінің жыл сайынғы сессиясында ресми түрде мәлім етілді.

Әншінің ресми сайтының хабарлауынша, аталған тағайындау Димаш Құдайбергеннің ұйыммен бұған дейін басталған жүйелі ынтымақтастығының қисынды жалғасы. 2024 жылы ол ХКҰ-ның аймақтық ізгілік елшісі мәртебесін алып, көші-қон, адам саудасының алдын алу және осал топтарды қорғау бағытындағы бірқатар гуманитарлық бастамаларға белсенді атсалысқан.

Сондай-ақ Димаш БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің Қазақстанға сапары кезінде гуманитарлық құндылықтарды өнер арқылы насихаттау идеясын көтерген болатын.

Кеңес отырысы аясында өнер иесі БҰҰ-ға мүше мемлекеттер делегациялары алдында S.O.S d’un terrien en détresse әнін орындады. ХКҰ Бас директоры Эми Поуп оның гуманитарлық миссияға қосқан үлесін жоғары бағалады.

«Димаш өз өнерін әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелерге назар аударту үшін тиімді пайдаланып келеді», – деді Эми Поуп

Өз кезегінде Димаш Құдайберген жаһандық ізгілік елшісі атану үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта инклюзивті қоғам қалыптастыруға, қауіпсіз көші-қонды қолдауға және дағдарыс жағдайында ХКҰ бастамаларын ілгерілетуге күш салынбақ.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар