2026 жылдан бастап медициналық қызметтердің бағасы кезең-кезеңімен өседі
- author AR-AY
- Бүгін, 10:55
- 3
Министрдің айтуынша, бүгінде қолданыстағы тарифтер медициналық ұйымдардың шығынын толық өтемейді. Соның салдарынан көптеген емханалар мен ауруханалар қарызға батып, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік болмай отыр.
Мәселені шешу үшін Үкімет қосымша қаржы бөліп, халық ең жиі пайдаланатын 200-ге жуық медициналық қызметтің бағасын қайта есептеуді қолға алған. Жаңартылған тарифтерді енгізуге 103 млрд теңге қарастырылып отыр.
Министр сондай-ақ протон терапиясы, заманауи сәулелік терапия, МРТ және КТ сияқты жоғары технологиялық диагностикалардың құны да қайта қаралып, тұрғындар үшін қолжетімді болатынын атап өтті. Жаңартылған қаржыландыру есебінен ел бойынша бұған дейін жабылған 2 700-ден астам стационарлық төсек-орын қайта ашылады.
Жаңа тарифтердің өсу қарқыны қызмет түріне қарай әртүрлі болады:
инфекциялық бағыттағы қызметтер – 2 есе қымбаттайды;
абдоминалдық хирургия – шамамен 40% өседі;
терапиялық қызметтердің көпшілігінде баға 40–85% аралығында өзгереді.
Министрлік бұл өзгерістер медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын арттырып, қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп отыр.


