Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысы пияз экспорты бойынша бірінші орында

Жамбыл облысы пияз экспорты бойынша бірінші орында
ОКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі негізгі жетістіктерді баяндады, деп хабарлайды arainfo.kz

Айтуынша, облыста заманауи қант қызылшасы кластерін қалыптастыру, фермерлерді қолдау тетіктерін кеңейту және өңдеу саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда қант қызылшасын жинау науқанының 88,1%-ы аяқталды. Орташа гектар өнімділігі – 483 центнер, жалпы жиналған өнім – 207 мың тонна. Барлық шикізат Меркі қант зауытына жөнелтілуде. Саланы қолдауға жергілікті бюджеттен 6,9 млрд теңге, республикалық бюджеттен 5,3 млрд теңге қарастырылмақ.

Өңірдің ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 458,5 млрд теңгені құрап, 3,1% өсті. Егіс алқаптары 640 мың гектарға дейін ұлғайып, жалпы өнім көлемі 3,3 млн тоннаға жетті. АӨК-ті субсидиялауға 29,1 млрд теңге бөлінді.

Тірідей салмақтағы ет өндірісі 2,7%-ға, сүт өндірісі 1,6%-ға артты. Облыстан 888,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды. Экспорттық пияз көлемі – 410 мың тонна, бұл көрсеткіш бойынша Жамбыл облысы елде 1-орында.

Мемлекеттік қолдау нәтижесінде ауыл шаруашылығы техникасы паркі жаңарып, биыл 762 бірлік техника сатып алынды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2025 жылы 3,2 млрд теңгеге 437 жоба қаржыландырылды.

Пайдаланылмай жатқан 61,8 мың гектар жер қайта айналымға енгізілді. Суару инфрақұрылымын жақсарту бағытында 66,5 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Сонымен қатар, 2,8 млрд теңгеге тамшылатып суару жүйелерін өндіру іске қосылып, құны 10 млрд теңгелік ірі зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл кәсіпорын 2026 жылдың І тоқсанында іске қосылып, жыл сайын 200 мың гектар алқапты қарқынды суару жүйелерімен қамтамасыз етпек.

ЕҚҚДБ және Дүниежүзілік банкпен бірлескен жоба аясында ұзындығы 625 шақырымды құрайтын 322 канал қайта жаңғыртылуда. Жалпы құны – 37,2 млрд теңге. 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасы салынып, 3 қойма қайта жаңғыртылады және 312 канал жөнделеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар